Генеральный партнер:

ALAÑ жобасы аясында жөндеуден өткен Аягөз қаласындағы футбол алаңы сынақтан өтті

2 октября 2024

Бүгін Аягөз қаласында қолданысқа берілген жасыл алаңда Аягөз бен Семей қалаларының жас футболшылары жолдастық ойын өткізді.

«Бүгінгі күнді Аягөз үшін тарихи сәт деп санаймын. Себебі, қаламызда бірінші рет әлемдік стандартқа сай жасыл алаң қолданысқа берілді. Енді балаларымыз сапасы жоғары стадионда доп тебе алады. Тіпті кәсіби футбол клубтарды қабылдауға қауқарлы. Осы жасыл алаңның арқасында Аягөз қаласының дәрежесі де өсетіні сөзсіз. Бұған дейін Аягөз спорт мектебінен футзалдан әлемдік деңгейдегі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Нарун Серіков т.б ойыншылар шықты. Алдағы уақытта да талантты жастардың шығатынына сенімдіміз», — деді Аягөз футбол мектебінің аға жаттықтырушысы Әсет Карманов.

Аталмыш стадионның сыйымдылығы 500-ге жуық адамды құрайды.

НАШ КАНАЛ

Выпуски проекта

ALAÑ | #7
ALAÑ | #6
ALAÑ | #5

Подать заявку на участие в проекте

Срок подачи заявки до 15 ноября