Генеральный партнер:

ALAÑ жобасы аясында Ақсу қаласындағы жасыл алаң қайта қолданысқа берілді

2 октября 2024

Павлодар облысындағы Ақсу қаласында 1973 жылы ашылған «Достық» стадионы 

жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Қазіргі сәтте бұл жерде «Ақсу» футбол орталығының 200-дей тәрбиеленушілері жаттығады. Одан бөлек, спорт орталығында 3 мыңнан астам жеткіншек 22 спорт түрімен айналысады.

Ашылу салтанатына Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов қатысты. ALAÑ жобасы УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі — 1XBET компаниясы.

Іс-шара барысында Станислав Черчесов жас футболшыларға ашық жаттығу өткізіп, қолтаңбалар мен сыйлықтар берді. Сыйымдылығы 3 мыңды адамды құрайтын стадионда алдағы жылдары «Ақсу» футбол клубы доп тебеді деп күтілуде.

Айта кетейік, жоба аясындағы келесі алаңдар жыл соңына дейін тағы Қызылорда, Жезқазған, Балқаш, Атбасар, Саран қалаларында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

НАШ КАНАЛ

Выпуски проекта

ALAÑ | #7
ALAÑ | #6
ALAÑ | #5

Подать заявку на участие в проекте

Срок подачи заявки до 15 ноября