Өскемен қаласындағы «Восток» стадионындағы өңдеуден өткен қосалқы алаңының ашылуын еске түсірейік
Айта кетейік, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын «ALAÑ» бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы. Негізгі мақсат — футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.








